425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дисплейі ең мықты смартфон анықталды

  • 75
  • UPD: 12:55, 19.11.2020
Дисплейі ең мықты смартфон анықталды

Apple компаниясының iPhone 12 смартфонының экраны нарықтағы ең үздік дисплей деп танылды.

Бұл туралы DisplayMate зерттеу компаниясы мәлімдеді.

Apple флагманының экраны кезекті рет смартфондарға арналған ең үздік дисплейлер рейтингінің бірінші қатарына тұрақтады. Бұл орынды 2019 және 2018 жылдары iPhone 11 Pro Max және iPhone XS Max иеленген болатын.

Сынақ нәтижелері бойынша флагманның экраны 11 сапа рекордын орнатты. Оның ішінде «Ең жоғары абсолютті түстер дәлдігі», «Ең жоғары контраст коэффициенті» категориялары бар.

Сынақ қорытындысына сәйкес iPhone 12 Pro Max дисплейі ең жоғары A+ бағасын және әлемдегі ең үздік смартфон экраны мәртебесін алды.

Хабар 24 телеарнасы