Елордада жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.
«Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес қоғамдық көлік жексенбі күні жүрмейді.
Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды», - деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.