422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халық емі короновирустан жазылуға көмектесе ме

  • 103
  • UPD: 17:50, 20.11.2020
Халық емі короновирустан жазылуға көмектесе ме

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте халық емінің коронавирусты емдеуге қалай әсер ететіні туралы айтылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Халық емінде борсық майы мен аю майы жиі қолданылады. Оның емдік қасиеті бар екеніне ешқандай дәлел жоқ, сол себепті мұндай май ішкен жағдайда коронавирустан емделіп кететініне кепілдік жоқ. Сондықтан халық емі коронавирусты емдейді деп кесіп айтудың қажеті жоқ», - дейді ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпсалалы медициналық орталығына қарасты қалалық инфекциялық орталығының басшысы Татьяна Цечоева коронавирус ауруының асқынып кетуіне әсер ететін бірнеше себеп бар екенін айтты.

«Аурудың асқынбауы дәрігерлердің ұсыныс-кеңесін орындауға байланысты. Халықтың дәрігерлер кеңесіне құлақ асқысы келмейді. Екіншіден, аурудың асқыну-асқынбауы адамның ағзасына да байланысты. Созылмалы ауруы бар, иммундық жүйесінде ақауы бар адамдарда бұл ауру өте ауыр өтеді және өліммен аяқталуы мүмкін», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы