424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел аймақтарында атмосфералық ауаның сапасы бұзылды

  • 70
Ел аймақтарында атмосфералық ауаның сапасы бұзылды

Еліміздің батыс, шығыс бөлігі және Павлодар, Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей аумағында ауа сапасының бұзылуы байқалады.

Елордада да осындай жағдай. Қазгидромет өкілдерінің хабарлауынша, қаладағы 10 бақылау бекетінде арнайы сынама алынып жатыр. Оның алтауы автоматты түрде жүргізілсе, қалғанында мамандар бар. Әсіресе Тұран даңғылы бойында орналасқан №5 бекетте атмосфералық ауаның ластануы мөлшерден асып тұр. Мамандардың айтуынша, деректер әр үш сағат сайын жаңартылады.

– Демалу қиын. Үйге кіргенде үстімізден түтіннің иісі шығып тұрады. Бұл денсаулыққа да қауіпті ғой.

– Демалғанға қиындау. Былай үйрендік. Қашанға дейін жүретінімізді құдай біледі енді. Тезірек кетіп қалса екен.

Хабар 24 телеарнасы