Елордада Алаш тасжолы бойындағы көпірдегі қозғалыс 24 қарашада ішінара жабылады.
24 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолының көпірінен (Бөгенбай батыр даңғылы үстінен өтетін көпір) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында жолдың оң жақ бөлігін жауып тастау жоспарлануда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.