Тұман, көктайғақ: төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- 133
- UPD: 17:20, 23.11.2020

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.
Маңғыстау облысы
24 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі.
Ақтау қ.: 24 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
24 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысы
Түнде және таңертең 24 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: түнде және таңертең 24 қарашада тұман күтіледі.
Қарағанды облысы
24-25 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.