420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігер COVID-19-дың жанама белгілерін атады

  • 104
  • UPD: 09:37, 26.11.2020
Дәрігер COVID-19-дың жанама белгілерін атады

COVID-19 жұқтырған кезде адам дене қызуының жоғарылауы, иіс пен дәм сезудің төмендеуінен басқа жанама белгілерді де байқауы мүмкін.

Бұл туралы дәрігер Владислав Мохамед Али айтты, деп хабарлады lenta.ru.

Дәрігер екі белгіні атады, оның біріншісі – бел ауруы, ал екіншісі – терінің сезімталдығы.

«Көбінесе коронавируспен ауырғанда арқа мен бұлшықет ауыруы мүмкін. Сондай-ақ бірқатар науқаста COVID-19 кезінде терінің сезімталдығы жоғарылағанын байқадық», - деді ол.

Сонымен қатар Мохамед Али бұл екі симптом басқа вирустық аурулар кезінде де болуы мүмкін екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы