420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 330
  • UPD: 09:38, 26.11.2020
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысында ауа райы оңалмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше күннен бері желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болып жатыр. Бүгін де осындай құбылмалы күн райы сақталады. «Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін», - дейді сипоптиктер. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұған қоса, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында тұман күтіледі. «Қазгидромет» сайтына осы аймақтарға қатысты арнайы ескерту ақпараты салынды.

Хабар 24 телеарнасы