419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көздің түсі мен ауруларға бейімділік арасындағы байланыс анықталды

  • 279
  • UPD: 17:11, 11.12.2020
Көздің түсі мен ауруларға бейімділік арасындағы байланыс анықталды

Колорадо университетіне қарасты медицина мектебінің ғалымдары көздің түсі мен адамның кейбір ауруларға бейімділігі арасындағы байланысты анықтады.

Бұл туралы Freundin басылымы хабарлады.

Зерттеу барысында мамандар көздері қара-қоңыр және қара түсті адамдар қан, тыныс алу ауруларына және зат алмасуға байланысты проблемаларға бейім болатынын анықтады. Алайда оларда тері немесе көз қатерлі ісігіне шалдығу қаупі төмен, өйткені олардың көру мүшесі ультрафиолет сәулелерінен қорғалған.

Ал көздерінің түсі жасыл адамдар депрессияға ұшырамай қоймайды. Көгілдір көзді адамдарда ультрафиолет сәулесіне сезімталдық жоғары және олар алкогольге тәуелділікке бейім болады.

Хабар 24 телеарнасы