419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдардың сапасы бойынша рейтинг: Қазақстан 93-орында

  • 145
  • UPD: 11:55, 26.11.2020
Жолдардың сапасы бойынша рейтинг: Қазақстан 93-орында

Жолдардың сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 141 елдің ішінен 93-орынға ие болды, деп хабарлады energyprom.kz.

Жолдарының сапасы жоғары ТОП-3 елдің қатарына Сингапур, Нидерланд және Швейцария кірген.

Елімізде қаңтар-қазан айларында транспорт және қойма саласына 959,5 млрд теңге инвестиция құйылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% артық.

Аймақтар бойынша негізгі инвестициялар ағыны Ақтөбе облысына түсті: 119,9 млрд теңге. Алғашқы үштікке Түркістан облысы (96,9 млрд теңге) және Алматы облысы (92,8 млрд теңге) кіреді.

Хабар 24 телеарнасы