420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адам миы түстерді қалай қабылдайды

  • 149
  • UPD: 13:27, 26.11.2020
Адам миы түстерді қалай қабылдайды Ochkov.net

Ғалымдар кешенді механизм ашқан.

Бір топ америкалық ғалым адам миы түстерді қалай қабылдайтынын және соған байланысты ақпаратты қалай өңдейтінін анықтады.

Ол үшін зерттеушілер магнитоэнцефалография әдісін қолданған, тіпті адамның белгілі бір уақытта қандай түске қарап тұрғанын да болжауды үйренген.

Ғалымдар әрбір түске қатысты ми белсенділігінің ерекше паттерндері болатынын байқаған. Ал паттерндер адамның жылы не жарық түстерге қарағанына байланысты өзгеріп отырған.

Зерттеу қорытындылары көру қабілеті мен протездеуде жаңа интерфейстердің жасап шығарылуына көмегін тигізбек.

Хабар 24 телеарнасы