419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Д дәрумені жетіспеушілігінің қауіпті симптомы аталды

  • 146
  • UPD: 14:25, 26.11.2020
Д дәрумені жетіспеушілігінің қауіпті симптомы аталды

Ағзадағы Д дәруменінің жетіспеушілігін сүйектердің айтарлықтай жұмсаруынан білуге ​​болады.

Бұл туралы британиялық дәрігерлерге сілтеме жасап Express газеті хабарлады.

Ең басында жетіспеушілік әдетте симптомсыз түрде дамиды және оны тек рентген сәулелері немесе диагностикалық зерттеулер арқылы анықтауға болады.

Д витаминінің жетіспеушілігінің белгілері – жамбас, бел, аяқ және қабырғаның ауыруы, әсіресе түнгі уақытта немесе сүйектерге қысым түскен кезде ауру күшейеді.

Сарапшылар патологияның егде жастағы адамдар үшін қауіпті екенін, өйткені сынулар мен остеопороз тудыратынын баса айтты.

D дәруменін күнделікті профилактикалық қабылдау жетіспеушіліктің алдын алуға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы