Елодада жексенбі, 29 қараша күні қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.
Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.
«Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күндері жұмысына тыйым салынған.
Дүйсенбі күні, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды», - делінген.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.