419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашықтан жұмыс істеудің негізгі қиындықтары аталды

  • 145
  • UPD: 10:28, 27.11.2020
Қашықтан жұмыс істеудің негізгі қиындықтары аталды

Әлемдегі көптеген компаниялар алдағы жылы да қашықтан жұмыс істеуден бас тартқысы келмейді, бірақ бұл жұмыс режимінде бірқатар қиындық бар.

Олардың негізгілері The Predictive Index зерттеуінде айтылған, деп хабарлады Inc.com.

Қашықтан жұмыс істеудегі қиындықтардың бірі – қызметкерлердің өз бетінше шешім қабылдауының қиынға соғуы. Бұл туралы бас директорлардың 64 проценті айтты.

Сонымен қатар қашықтан жұмыс істейтін командалар менеджментке қатысты қиындықтарға тап болды және жаңа идеяларды ұсыну азайған. Сондай-ақ сауалнама нәтижесінде директорлардың басым көпшілігі (94 процент) өз фирмаларының болашағына деген сенімсіздікті сезінетіні анықталды.

Хабар 24 телеарнасы