420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Туристердің көңілін қалдырған әлем қалалары аталды

  • 2081
  • UPD: 15:27, 27.11.2020
Туристердің көңілін қалдырған әлем қалалары аталды

Туристер көңілдері қалған әлем қалаларын атады.

Сонымен, туристердің көңілінен шықпаған қалалардың бірі – Дубай. Оларға ауа райының өте ыстық болғандығы ұнамаған. Сондай-ақ үлкен сауда орталықтарынан бөлек тарихи орындардың және ойын-сауық орындарының болмауы көңілдерін қалдырған.

Сонымен қатар Лос-Анджелес те көптеген туристің көңілін қалдырған. Айтуларынша, қала өте қымбат және үнемі кептеліс.

Туристер Египеттің астанасы Каирді де көңіл көншітпейтін орын ретінде атады. Пирамидалардан басқа қалада таңқаларлық ештеңе жоқ екендігін айтқан.

Сонымен қатар туристердің антирейтингіне Будапешт, Венеция, Лас-Вегас, Марракеш, Джакарта, Брюссель, Лондон және Амстердам кіреді.

Хабар 24 телеарнасы