419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 10 аймағында күн райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

  • 511
  • UPD: 10:01, 29.11.2020
Еліміздің 10 аймағында күн райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның он аймағында күн райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, бұрқасын болатынын болжады. Мысалы, бүгін Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысында қар жауады. Арқада да ақ ұлпа. Ақомала және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ұйытқыған бораннан жол көрінбейді. Сондықтан төтенше жағдайлар мамандары жүргізушілер мен жолаушыларды сапар кезінде мұқият болуға кеңес береді. Республикалық маңыздағы бірнеше жолда қозғалыс шектелген. Мысалы, Өскеменнен Серебрянскіге қарай жүк көліктері өте алмайды. Балқаш пен Мың-арал арасында жол қатынасы қиындады.

 

Хабар 24 телеарнасы