419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаштың түсуін тоқтататын әдіс аталды

  • 200
  • UPD: 14:35, 30.11.2020
Шаштың түсуін тоқтататын әдіс аталды

Британдық трихолог Филипп Кингсли шаштың қалыпты өсуі үшін көбінесе адам ағзасында В12 дәрумені жетіспейтінін айтты.

Бұл туралы Express хабарлады.

Айтуынша, В12 жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, ДНҚ түзілуінде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ шаш фолликулаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы оларды сау ұстауға көмектеседі.

В12 дәрумені жеткіліксіз болса, шашқа оттегі жетпейді, одан соң қалыпты өсуін тоқтатады және түсе бастайды.

Аталған дәруменнің жетіспеушілігін арнайы қоспалармен де, өнімдердің көмегімен де толтыруға болады. В12 витаминінің көзі: құс еті, бауыр, жұмыртқа, лосось, треска, сүт, соя сүті, жарма және ашытқы.

Хабар 24 телеарнасы