421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар бөлігінде аяз болады

  • 169
  • UPD: 08:22, 01.12.2020
Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар бөлігінде аяз болады

Қыстың алғашқы күндері еліміздің біраз бөлігінде аяз болады. Әсіресе 1 және 3 желтоқсан аралығында антициклон ықпал етеді.

Яғни сынап бағанасы төмендейді. Бірақ жауын-шашын болмайды. Осы орайды «Қазгидромет» мамандары 6 өңірде дауылды ескерту жариялады. Әсіресе Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.

«Ал Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады. Кей жерде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді» дейді синоптиктер.

Хабар 24 телеарнасы