420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында Үшарал-Достық бағытындағы жол жабық тұр

  • 110
  • UPD: 14:30, 01.12.2020
Алматы облысында Үшарал-Достық бағытындағы жол жабық тұр

Қарлы боранға байланысты Алматы облысындағы Үшарал-Достық бағытындағы жол жабық тұр.

Нақтырақ айтқанда, жолдың 84-тен 184 шақырымына дейінгі қашықтықта көлік қозғалысына тыйым салынды. Аталған аймақта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен полицейлер кезекшілік атқарып жатыр. Сала мамандары тұрғындарға бұл бағытта жолға шықпау керектігін ескертеді. Ал Алматы-Өскемен автомагистралінен Қапал-Арасанға қатынайтын тас жол бүгін ашылды. Жолаушылардың ары-бері жүруіне рұқсат беріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы