Қостанайда қатты аязға байланысты бүгін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл ақпаратты қаланың білім басқармасы жариялап отыр. Күн 25 градус аяз болғандықтан, бірінші ауысымдағы 4 сыныпқа дейінгі оқушыларға сабақ болмайды. Жалпы бүгін еліміздің біраз бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары 6 бірдей өңірге дауылды ескерту жасады. Атап айтқанда, Жамбыл және Түркістан облыстарында сынап бағанасы төмендеп, тұман болады. Желдің екіпіні кей жердерде секундына 20 метрге дейін күшейеді. Дәл осындай жағдай Маңғыстау облысында да байқалады. Бұған қоса, көктайғақ болуы мүмкін. Ал, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.