419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

  • 207
  • UPD: 13:29, 02.12.2020
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады Family.by

Батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазгидромет 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттар республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтайтын болады. Қар жауады, жекелеген өңірлерде қатты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады деп күтіледі. Тек батыста аздаған бұлтты және аязды ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы