419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның үш облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 166
  • UPD: 23:26, 02.12.2020
Қазақстанның үш облысында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

2-5 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын, қар жауады.

3-5 желтоқсан күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 3-5 желтоқсан аралығында кей уақытта тұман түсіп, 4-5 желтоқсан аралығында кей уақытта көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 3-5 желтоқсан аралығында тұман, жаяу бұрқасындатады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 3 желтоқсан күні түнде 20°С аяз болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Хабар 24 телеарнасы