420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

  • 173
  • UPD: 09:10, 03.12.2020
Ел өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Жамбыл облысында қар жауып, желдің екпіні күшейеді.

Арты көктайғаққа айналады. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша аймақта желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Маңғыстау облысында аяз күшейеді. Әсіресе солтүстік бөлігінде сынап бағанасы -20 градусқа дейін төмендейді. Бұған қоса Қарағанды облысында да жел екпіні күшейіп, тұман болады деп күтіліп отыр.   

Хабар 24 телеарнасы