419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы магистральді коллектор құрылысы 2022 жылдың қаңтарына дейін жалғасады

  • 111
  • UPD: 10:23, 03.12.2020
Елордадағы магистральді коллектор құрылысы 2022 жылдың қаңтарына дейін жалғасады Елорда әкімдігі

Инженерлік желілердің көп қиылысы анықталуына байланысты Ж.Ташенов жолағының бойында магистральді нөсер кәрізі коллекторының құрылысы 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.

Ж.Ташенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады. Автокөліктер қозғалысы уақытша схема бойынша жабық аймақтың айналасында тиісті жол белгілерін орнату арқылы ұйымдастырылады.

«Қалада кептеліс болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне өте мұқият болу және уақытша сызба бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау керек», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ-қа дейін шектелген.

Хабар 24 телеарнасы