Жексенбі күні, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.
Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.
Дүйсенбі күні, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.
Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.