420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, көктайғақ, жел: төрт облыста ескерту жарияланды

  • 185
  • UPD: 17:29, 03.12.2020
Тұман, көктайғақ, жел: төрт облыста ескерту жарияланды Профиль

Қазгидромет төрт облыста дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Түркістан облысы

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Түнде 4 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз 22°С күтіледі. Жолдарда көктайғақ сақталады.

Ақмола облысы

4 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Сотүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 4 желтоқсанда тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы