427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бірінші ауысымдағы 1 мен 5-сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ қашықтан өтеді

  • 209
  • UPD: 08:17, 04.12.2020
Елордада бірінші ауысымдағы 1 мен 5-сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ қашықтан өтеді

Бүгін Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымда оқитын 1-ден 5-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ қашықтан өтетін болды. Таңғы үскірік аязға байланысты қаланың білім басқармасы осындай шешім шығарыпты.

Жалпы елімізде қыс қаһарына міне бастады. Еліміздің біраз аймағында сынап бағанасы төмендеп, аяз күшейеді. Осыған байланысты 6 аймаққа ерекше ескерту жасады синоптиктер.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Ал желдің екпіні кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді. Осыған ұқсас жағдай Жамбыл және Түркістан обылсында да орын алады. Қар жауып, арты көктайғаққа айналады. Ал Маңғыстау облысында аяз күшейіп, ауа температурасы -22 градусты көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы