419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Туристер үшін ең қауіпсіз ел анықталды

  • 260
  • UPD: 17:50, 09.12.2020
Туристер үшін ең қауіпсіз ел анықталды

Туристер үшін ең қауіпсіз елдер – Исландия, Дания, Норвегия және Финляндия.

International SOS медициналық-туристік ұйымының мамандары осындай қорытындыға келді.

Еуропаның көп бөлігі, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Америка Құрама Штаттары төменгі тәуекел деңгейіндегі елдер тізіміне енгізілді.

Сарапшылар мемлекеттерді саяси тұрақсыздық (терроризм, митингілер, тәртіпсіздіктер және соғыс ықтималдығы), әлеуметтік толқулар (діни, қоғамдастық және этникалық зорлық-зомбылық), сондай-ақ зорлық-зомбылық қылмыстары мен ұсақ бұзақылықтар тұрғысынан бағалады.

Сондай-ақ рейтингте көлік инфрақұрылымының сенімділігі, қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметінің тиімділігі, аумақтардың табиғи апаттарға осалдығы ескерілді.

Хабар 24 телеарнасы