420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада демалыс күндері қандай мәдени іс-шаралар өтеді

  • 175
  • UPD: 14:27, 04.12.2020
Елордада демалыс күндері қандай мәдени іс-шаралар өтеді

Елордада демлаыс күндері театр премьералары, қуыршақ балеті және көрмелер көрсетіледі, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

5 желтоқсан күні сағат 17:00-де Astana Opera-ның камералық залында «Шелковая лестница» бір актілі фарс-операсы ұсынылады.

Сенбі күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін 31 желтоқсанға дейін Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ақанаевтар әулеті» көрмелері, «Өнер қарлығаштары» және «Әлем бала көзімен» атты балалар экспозициялары ашылды. Сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің «Тылсым» атты көрмесі ұсынылды. Бұдан басқа, Тәуелсіздік сарайының қорындағы «Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар» көрмесіне баруға болады, елордаға келген ресми делегациялардың сыйлықтары көрсетіледі.

1 желтоқсаннан бастап Тәуелсіздік сарайында National Geographic халықаралық баспасының «Uly Dala Juregi» көрмесі ашылды. Ол дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

5 желтоқсан күні сағат 12:00-де және 14:00-де әкімдіктің қалалық қуыршақ театрында жас көрермендер «Менің салған суретім» балетін тамашалай алады.

Жастар театрында 5 желтоқсан күні сағат 19.00-де «История возлюбленных» комедиясының премьерасы өтеді.

5 желтоқсан сағат 11:00-де М.Горький атындағы орыс драма театрында «Приключения Настеньки» ертегісі қойылады. Трансляция YouTube-те көрсетіледі. https://www.youtube.com/c/ТеатрГорькогоНурСултан.

5 желтоқсан сағат 18:00-де М.Горький атындағы орыс драма театрында А.Островскийдің пьесасы негізінде «Гроза» спектаклі өтеді.

Хабар 24 телеарнасы