426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Apple ақауы бар iPhone 11 экрандарын тегін ауыстырып бермек

  • 274
  • UPD: 12:23, 07.12.2020
Apple ақауы бар iPhone 11 экрандарын тегін ауыстырып бермек

Apple компаниясы iPhone 11 смартфондарының ақауы бар дисплейлерін иесіне ақысыз ауыстырып беретін бағдарламаны іске қосты.

Бұл туралы компанияның сайтында мәлім болды.

Компанияның хабарлауынша, iPhone 11 экрандарының шамалы проценті дисплей модуліне қатысты проблемаларға байланысты дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Мұндай проблема 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін шығарылған құрылғылардан анықталды.

Смартфондарынан осындай ақауды байқаған пайдаланушылар сериялық нөмірді тексеру арқылы бағдарламаға қатыса алатын-алмайтындығын біле алады.

Егер құрылғы бағдарламаға сәйкес келсе, Apple ақауы бар экранды тегін жөндеп береді. Сонымен бірге, компания бағдарламаны іске қосқанға дейін ақаулықты жою үшін төлем жасаған пайдаланушыларға өтемақы қайтаруға дайын.

Хабар 24 телеарнасы