430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 211
  • UPD: 16:05, 08.12.2020
Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Объектив.kz

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы

9 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Орал қ.: 9 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде 9 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз 22°С дейін сақталады.

Ақмола облысы

9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с.

Павлодар облысы

9 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Тараз қ.: 9-10 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы