414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар COVID-19-дың тағы бір симптомын атады

  • 231
  • UPD: 14:54, 10.12.2020
Ғалымдар COVID-19-дың тағы бір симптомын атады

COVID-19 инфекциясы белгілерінің бірі – көздің ауруы.

Бұл туралы BMJ Open Oftalmology журналында зерттеулерін жариялаған Англия университетінің ғалымдары мәлімдеді.

Атап айтқанда, зерттеушілер коронавируспен ауырған науқастармен сұхбат жүргізіп, аурудың алғашқы белгілерінің тізімін жасады. Сауалнамаға қатысқан 83 адамның 90%-і шаршау, 76%-і дене қызуын, 70%-і иіс пен дәм сезудің жоғалуын, 66%-і құрғақ жөтел болғанын айтқан.

Сонымен бірге, адамдардың 81%-і COVID-19-дың ерте сатысында олардың көздері ауырғанын айтқан. Оның ішінде сауалнамаға қатысқандардың 18%-інде жарыққа сезімталдық жоғарылаған, 17%-інде көздің қышуы болған, 16%-інің көзі ауырған. Қатысушылардың көпшілігі бұл белгілер шамамен екі аптаға созылғанын айтты.

Ғалымдардың пікірінше, көздің ауыруын COVID-19-дың маңызды симптомы ретінде қарастыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы