430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустың көзге қалай әсер ететіні анықталды

  • 289
  • UPD: 12:56, 11.12.2020
Коронавирустың көзге қалай әсер ететіні анықталды

Британдық ғалымдар көздің қабынуы мен коронавирус инфекциясы арасында байланыс барын анықтаған.

Зерттеушілер көздің ауырғанын коронавирустың ең бастапқы кезеңдегі басты симптомдарының бірі екенін алға тартады.

Аталған вирусты жұқтырғандардың басым бөлігі көздің ауырғанын да айтқан. Біреулер жарық көз қарлығуынан зардап шексе, енді бірі көздің айналасы қышығанын немесе ауырғанын айтып шағымданған. Бұл симптомдар екі апта сақталған.

Сондықтан көзіңіз тез шаршап немесе ауыра берсе, онда дәрігермен кеңескен жөн.

Хабар 24 телеарнасы