Нұр-Сұлтанда 13 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады
- 266
- UPD: 15:03, 11.12.2020

Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады.
Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді», – деп хабарлады CTS.
Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды.
Сонымен қатар компания қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтау және автобустарға бетпердесіз кірмеу керегін ескертеді.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.