Алдағы күндері еліміздің 6 өңірінде күн райы қолайсыз болады.
Бүгін Батыс Қазақстанның кей аумағын тұман басады. Ақмола облысында күндіз желдің екпіні 20 метр секунд шамасына жетеді. Түркістан, Солтүстік Қазақстанда да осыған ұқсас жағдай. Жамбыл және Қарағанды облыстарында тұман түсіп, жел күшейеді.