Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғат Солтүстік Қазақстан, Павлодар аймағында да дәл осындай мінез танытады. Сондай-ақ жел күшейеді. Ал Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Түркістан мен Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады.