Инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Николай Малышев коронавирус кезінде дәрумендер қабылдаудың қаупін ескертті, деп жазды lenta.ru.
Маманның айтуынша, коронавирус кезінде дәрумендер қабылдау асқынуларға әкелуі мүмкін. Ол витамин қабылдамас бұрын дәрігерлермен кеңесуге шақырды.
Сонымен қатар кейбір дәрумендерді шамадан тыс қабылдау қауіпті екенін де айтып өтті. Егер жүкті әйел шектеусіз мөлшерде С дәруменін ішсе, түсік тастауы мүмкін.
Мамандар дәрумендердің де кез келген басқа дәрілер сияқты қарсы көрсетілімдері болатынына тоқталды.