421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 192
  • UPD: 16:11, 20.12.2020
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Zakon.kz

Қазгидромет бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы

21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

21 желтоқсанда Қызылорда облысында түнде ауа температурасы 21-26, облыстың оңтүстігінде 17 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қызылорда қ.: 21 желтоқсанда түнде ауа температурасы 21-23 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ақмола облысы

21 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 21 желтоқсанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

21 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтау қ.: 21 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз 21, тәулік бойы 22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. 21-22 желтоқсанда кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 21, түнде 22 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 21, тәулік бойы 22 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 21 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы