419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы қандай түсті көліктер сұраныста болды

  • 226
  • UPD: 11:44, 21.12.2020
2020 жылы қандай түсті көліктер сұраныста болды

Өнеркәсіп саласында бояумен айналысатын Axalta компаниясы 2020 жылы қандай түсті автомобильдердің сұранысқа ие болғанын айтты.

Оныншы рет қатарынан ақ түс бірінші орынға ие болды. Статистикаға сәйкес орташа есеппен әрбір үшінші автомобиль осы түсте шығарылады. Осылайша, ақ түс басқа реңктерден 38 проценке басым келеді. Тізімде екінші орынды қара түс иеленді, одан кейін сұр және күміс түстес көліктер тұр.

Қазан айында АҚШ-та жүргізілген сауалнамаға сәйкес америкалықтар басқа ұлттарға қарағанда өз көліктерінің түстеріне қатысты тәжірибелерді жиі жасайтын болып шықты. Олар үшін қызыл және көк түсті көліктер танымал болып саналады. Еуропада, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда автокөлік жүргізушілері көгілдір реңктерді ұнатады. Өз кезегінде Үндістан қоңыр және қоңырқай көліктер жиі кездесетін жалғыз ел болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы