Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.
23 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
23 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
23 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күтіледі.
Көкшетау қ.: 23 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.
23 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 23 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.