Жаңа жыл кезінде отшашулардан зардап шекпеу үшін пиротехниканы қолданудың қандай ережелерін есте сақтау керек?
– Отшашуларды тек арнайы сату орындарынан сатып алу керек;
– Өнімдер сертификатталған, сақтау мерзімі бітпеген, қораптары бүтін және құрғақ болуы керек;
– Отшашуларды тұрғын үйлерден кемінде 50 метр арақашықтықта жағу керек. Жақын маңдағы ағаштарға, электр желілеріне тиіп кетпеуін бақылаған жөн.
Қатаң тыйым салынады:
– 14 жасқа дейінгі балалар ересектердің қарауынсыз отшашу қолдануына болмайды;
– Пиротехникалық бұйымдарды пәтерлердің, үйлердің және басқа тұрғын үйдің ішіне жақпау қажет;
– Отшашуды жағу кезінде оған үңілуге және қатты желде қолдануға болмайды;
– Отшашуды адамдарға, жануарларға қарата лақтыруға болмайды;
– Отшашу жанбаса, оны қайта жағуға тырыспау қажет;
– Пиротехниканы жылу көздерінің жанында немесе дымқыл бөлмеде сақтамау қажет.
Ақпарат көзі: krisha.kz