Telegram мессенджері үлкен жаңартуға ие болды.
Қосымшаға жаңа функция, яғни топтық дыбыстық чаттар іске қосылды.
Чаттардың әдеттегі топтық қоңыраулардан басты айырмашылығы – оны алдын ала ұйымдастырудың қажеті жоқ. Чат шексіз түрде жарамды болады және оған кез келген уақытта қосылуға мүмкіндік бар. Аудио конференцияның қатысушыларын алдын ала көруге болады.