426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың қай жерлерінде мұз қалашықтары болады

  • 255
  • UPD: 12:53, 24.12.2020
Елорданың қай жерлерінде мұз қалашықтары болады

Елордада жаңа жылға қарай 13 мұз қалашығы ашылады.

Олар ірі саябақтар мен жағалауларда салынып жатыр. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімі қоғамдық орындардың қандай болатынын көрсетті.

Есіл өзенінің жағалауында орталық жағажайдан триатлон паркіне дейін 4 шақырымдық шаңғы тебу алаңы болады. Grand Alatau тұрғын үй кешенінің аумағында мұз қалашығы, сырғанақтар, мұз айдыны, тамақтану және жылыну орындары ашылады. Сонымен қатар квадроциклдерге арналған жол жасалады.

Дәстүр бойынша әкімдік алдындағы ескі алаңда, сондай-ақ «Жастар» сарайының жанында үлкен шыршалар бой көтереді. Сондай-ақ онда мұз айдындары, фотозоналар, сырғанақтар, жылыту пункттері болады.

Жаңажылдық жәрмеңке өтетін «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда лабиринттер және сырғанақ бар қалашық құру жоспарланып отыр.

Тағы бір ауқымды ғажайып қоғамдық орын ЕХРО аймағында орналасады. Онда балалардың көңілін көтеру үшін аниматорлар да болады.

Ақбұлақ өзені жағалауы, «Қазақ елі», президенттік саябақ, ботаникалық бақ, триатлон паркі және жаңа Оқушылар сарайының аумағы да қысқы ойын-сауық орталығына айналады.

«Көктал» саябағында ең үлкен аққала жасау жоспарлануда.

Ақпарат көзі: krisha.kz

Хабар 24 телеарнасы