Елордада жексенбі, яғни 27 желтоқсан күні қала ішінде және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер сағат 23:00-ге дейін қалыпты жұмыс істейді.
Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.
«Маска тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», - делінген хабарламада.