420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қандай шыршаны таңдаған дұрыс?

  • 225
  • UPD: 21:18, 24.12.2020

Мереке қарсаңында жасыл шыршаға сұраныс көп.

Кесілген қарағай да, арнайы құмыраға отырғызылған шырша да жетерлік. Олардың қайсын сатып алу  тиімді?

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Биыл Жаңа жыл мерекесі де жылдағыдай тойланбайды. Дегенмен, қала ішінде шырша іздеп шарқ ұрғандар көп. Сұранысқа сай шыршаның түр-түрі менмұндалап дүкенде, базарда да толып тұр.

Мұзаффар Насруллаев, дүкен иесі:

- Шыршаға сұраныс бар. Жаман емес. Шырша ауаны жақсы тазалайды. Экологиялық таза. Шырша негізі далада өседі. Жаңа жыл алдында үйге алып келіп ұстауға болады.

Қазір шетелден құмырадағы шырша әкеліп сатып жатқандар бар. Яғни, арнайы ыдыстағы желек бірер күн тұрып, кейін солып қалмайды. Мерекеден соң аулаға еге салсаңыз болады. Шырша сатушылардың айтуы осындай. Бірақ дендрологтар бұған күмән келтіреді. Себебі арнайы шыршаның күтімі ерекше болу керек және ол климатқа бейімделе алмауы мүмкін. Демек, ақшаңыз желге ұшады.

Юлия Борисова, дендролог:

- Шыршаның кез келген түрі біздің климаттық жағдайымызға бейімделе бермейді. Жылы елдерден шыршалар жиі әкелінеді. Еуропада өсірілген шыршаны алып келіп, оларға барлық жағдайды жасасаңыз да, біздің суыққа шыдамауы мүмкін. Сондықтан өз жеріміздегі шыршаны баптаған маңызды.

Қазір дүкендерде арнайы ыдыстағы 40-50 см-лік шыршалар сатылып жатыр. Сатып алушылар да жеткілікті. Сөйтіп, бұл шыршалардың жарнамасы тәуір болғанмен, ертең барлығы бірдей жайқалып өсіп кетуі екіталай. Дегенмен, бір күндік көңіл-күй үшін жасыл желекті кесіп, қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп жатқандарға қарағанда ниет түзу. Ал бір жарым метрлік шыршаны өсірудің өзіне 7-8 жыл уақыт керек.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ерзат Зайтхан

Хабар 24 телеарнасы