418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, аяз күшейеді

  • 296
  • UPD: 07:01, 25.12.2020
Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, аяз күшейеді

Еліміздің солтүстік өңірлерінде бүгін аяз көтеріледі. Мұнда ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді.

Күн райының қолайсыз болуына байланысты синоптиктер тағы бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Атап айтсақ, бүгін Атырау, Қарағанды, Түркістан мен  Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Жамбыл және  Маңғыстау өңірінде көктайғақ болады.

Хабар 24 телеарнасы