421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында алдағы демалыс күндері қатты аяз болады

  • 277
  • UPD: 20:20, 25.12.2020
Ақмола облысында алдағы демалыс күндері қатты аяз болады

Синоптиктер желтоқсанның 26-27 күндері өңірде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градусқа дейін төмендейді деп ескерту таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аязды күндері жолға шықпауға және себепсіз сыртта көп жүрмеуге шақырады. Ұзақ сапар шегуге тура келген жағдайда қосымша тамақ пен жанармай алып жүру қажеттігін ескертеді. Ал 28-нен бастап күн жылып, қар жауады, бұрқасын болады. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды дейді мамандар.

Лариса Гончарова, «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының инженер-синоптигі:

– Аяздың келесі толқыны аймаққа жаңа жыл қарсаңында келеді. 30 желтоқсаннан бастап күн қайта суып, аяз күшейеді. Атап айтсақ, ауа температурасы -30-35 градусқа дейін кей жерлерде тіпті 40 градусқа дейін төмендейді. Мұндай күн райы 1 қаңтарға дейін жалғасады. Ал әрі қарай біртіндеп жылына бастайды.

Хабар 24 телеарнасы