420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жеті облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 226
  • UPD: 23:46, 26.12.2020
Жеті облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазгидрометтің ресми сайты хабарлайды.

27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.

Орал қ.: 27 желтоқсанда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

27 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Шымкент қ.: 27 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 

Түркістан қ.: 27 желтоқсанда түнде кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде 27 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты аяз 35 градус күтіледі.

27 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 27 желтоқсанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

27 желтоқсанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман, облыстың солтүстік-батысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

27 желтоқсан Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен күндіз кей жерлерде жел соғады, күші 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы