Синоптиктердің болжамынша, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, қар бұрқасындатады.
Сондай-ақ көктайғақ қатып, екпінді жел соғады деп күтіледі. Ал Қарағанды облысының кей жерінде сынап бағанасы 35 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.