419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фаст-фудтың жасөспірімдердің ұйқысы мен есте сақтау қабілетіне әсері анықталды

  • 239
  • UPD: 10:37, 28.12.2020
Фаст-фудтың жасөспірімдердің ұйқысы мен есте сақтау қабілетіне әсері анықталды

Зерттеушілер жоғары сынып оқушыларының тамақтану әдеттерін зерттеп, олардың жасөспірімдердің ұйқысына қалай әсер ететіндігін анықтады.

Зерттеу әлемнің 64 елінде жүргізіліп, 175 мың жасөспірімді қамтыды. Зерттеу нәтижелері Квинсленд университетінің сайтында жарияланған.

«12-15 жас аралығындағы 175 261 жасөспірімнің мәліметтерін талдау нәтижелері көрсеткендей, зиянды тағамдарды жиі тұтыну ұйқымен тығыз байланысты, ол өз кезегінде балалардың жағдайына, есте сақтау және танымдық қабілеттеріне кері әсер етеді», - делінген баяндамада.

Зерттеуге сәйкес газдалған сусындарды жиі ішетін жасөспірімдердің ұйқы режимі бұзылады, ол аталған сусындарды аз ішетіндерге қарағанда 55% көп болған.

Сондай-ақ сарапшылар аптасына төрт реттен астам фаст-фудпен тамақтанатын балаларда ұйқының бұзылуы байқалғанын атап өтті.

«Бұл нәтижелер үлкен алаңдаушылық тудырады, өйткені ұйқының бұзылуы жасөспірімдердің күш-қуаты мен танымдық дамуына кері әсер етеді», - деп түсіндірді зерттеу авторы Асад Хан.

Хабар 24 телеарнасы